"Бұл ән жазылғанда біз бірге едік": Алмас Кішкенбаевтің жазбасынан соң көпшіліктің көңілі босап кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 445.66
  • 474.58
0 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бұл ән жазылғанда біз бірге едік": Алмас Кішкенбаевтің жазбасынан соң көпшіліктің көңілі босап кетті

"Бұл ән жазылғанда біз бірге едік": Алмас Кішкенбаевтің жазбасынан соң көпшіліктің көңілі босап кетті

Белгілі әнші Алмас Кішкенбаев әлеуметтік желіде бұрынғы сүйіктісі туралы жан тебірентерлік жазба қалдырып, оны бейне роликпен әрлепті.

  • 13 Қазан 2020
  • 499
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Аталған жазбаны көрген көпшілктің көңілі босап кетті, Оқырмандары  әнші сүйіктісін ұмыта алмай, күйзеліске ұшырап жүр деген ой түйді. 

"Бұл ән жазылғанда біз бірге едік. Қазақтың сөзі бар ғой, жақсы сөз, жарым ырыс деген.
Сол секілді, әнде де тек жақсылықты жариялау керек. Өмір жалпы біз ойлағандай бола бермейді, барлығы маңдайға жазғанымен келеді, бірақ, адамның пейіліне, қалауына да көп нәрсе байланысты. Осы тақырыптағы соңғы ән, соңғы пост болсын", деп жазды әнші.

Оқырмандар болса әншінің ішкі жан дүниесін түсініп, қолдау білдіруге тырысты:


"Әдемі ғой бәрі семья да қыздары да келіншегі де көз тиген шығар Өлімнен басқасын өзгертуге болады, қайта қосылсаңдар жақсы болар еді", "Қайта қосылуға еш болмай ма, әйеліңіз қайта оралмайтындай араларыңызда не болғанын білмейміз.Бәрі жақсы болсыншы", "Қосылып бақытты болып кетүлеріңе тілектеспін. Екеуіңе де оңай емес. Әсіресе балаларға. АЛЛА кешірімді болғанда біздер пенделер кімбіз?" деген сияқты пікірлер жазды олар

Соңғы жаңалықтар