«Бұл ісіме өкінемін»: Жұмыс орнында ішімдік ішкен әкім кешірім сұрады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Бұл ісіме өкінемін»: Жұмыс орнында ішімдік ішкен әкім кешірім сұрады

«Бұл ісіме өкінемін»: Жұмыс орнында ішімдік ішкен әкім кешірім сұрады

Екібастұз қаласына қарасты Әлкей Марғұлан ауылының әкімі қызмет орнында ішімдік ішкен.

  • 30 Наурыз 2023
  • 15
Фото - Caravan.kz

Мәлімет бойынша, ауыл тұрғынынан Бауыржан Бозтаевтың жұмыста мас күйінде болғаны туралы ақпарат Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының сенім телефонына келіп түскен, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Әдеп жөніндегі уәкіл бұл фактіні тексеруге барған. Ауыл тұрғынының сөзін медициналық сараптама растады.

Айта кетейік, Бауыржан Бозтаев тікелей дауыс беру арқылы сайланған. 2023 жылдың 30 қаңтарынан бері бұл қызметті атқарып келеді. Бұған дейін оның басшылық және мемлекеттік қызметте тәртіптік жазасы болмаған.

«Мен бұл деректі растаймын. 15 наурызда ауылды су басты. Кешке дейін соны шығарумен айналыстық. Қатты суық тиген соң ішіп алдым. Бұл ісіме өкінемін. Сіздерден осы орынға лайықты екенімді дәлелдеу үшін тағы бір мүмкіндік берулеріңізді сұраймын», – деді ауыл әкімі.


Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері мемлекеттік қызметшінің жұмыс орнында мас күйінде болуын өрескел заң бұзушылық деп санады. Бірауыздан Бауыржан Бозтаевты қызметінен босатуды ұсыну туралы шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар