Бұл жеңісті 9 жыл күттік – бапкер - kaz.caravan.kz
  • $ 475.03
  • 517.21
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бұл жеңісті 9 жыл күттік – бапкер

Бұл жеңісті 9 жыл күттік – бапкер

Семсерлесуден мемлекеттік жаттықтырушы Тимур Байтасов Қазақстан командасының шпагадан Азия алтынын 9 жыл бойы күткенін айтты

  • 27 Маусым
  • 50
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл жеңіс біз үшін өте маңызды болды. Себебі, 2015 жылдан бері осы чемпиондық атақ бұйырмай келген. Үш рет күміс, бес рет қола алғанбыз. Сондықтан, бұл жетістік бізді ұзақ күттірді. Шыны керек, осы маусым біздің команда үшін өте жақсы өтуде. Азия чемпионатының финалында Жапониядан басым түстік. Жапониялық нояндар қазіргі Олимпиада чемпиондары, Азия ойындарының жеңімпазы. Әлемдік рейтингте үшінші орында тұр. Олар спортта қандай атақ болса, соның бәрін иеленген. Енді біз әлемдік рейтингте 4-орынға көтерілеміз. Себебі, Еуропа чемпионатында Венгрия ширек финалға шыға алмай, ұпай жоғалтты, — дейді Байтасов.

Айта кетелік, шпагамен семсерлесуден Қазақстан намысын Ерлік Сертай, Эльмир Алимжанов, Руслан Курбанов пен Вадим Шарлаимовтар қорғауда.