Бұл туралы Caravan.kz порталы хабарлайды.
Шымкент қаласында өткен 1-Мамыр Халықаралық достастық күніне орай ұйымдастырылған мерекелік кеште Халық әртісі Роза Рымбаева төбе көрсетті.
Кеш жүргізушісі Беглан Мақұлбек:
"Бүгінгі концертіміздің қадірлі қонағы Роза Рымбаева апайымыз, қош келдіңіз! Мереке құтты болсын",- деді.
Халық әртісі: "Шырайлы Шымкенттің халқына ерекше құттықтау жолдаймын. Мереке құтты болсын, бақытты болайық, бірлігіміз жоғалмасын. Еліміз аман болсын! Мереке күшті тойланып жатыр, қазір мен сахнаға шығамын", — деп сөзін аяқтады.