Жарияланды: 300

Бүлдіршінді зорлап өлтірген азғын өмірінің соңына дейін түрмеде отыратын болды

8 жасар қызды зорлап өлтірген азғын енді бостандық көрмейтін болды. Маңғыстау облыстық соты педофилге осындай үкім кесті. Енді ол өмірінің соңына дейін қатаң тәртіптегі түрмеде отыруы тиіс.

25 жастағы азғын алғашында кінәсін мойындамай, бірақ бірнеше сараптамадан кейін қылмысы ақыры дәлелденген болатын. Сондықтан осы тергеу жұмыстарына кеткен 2 млн теңгені де өтеуі тиіс. Естеріңізге салсақ, қанды қылмыс мамыр айында Сай-Өтес ауылында болған. 2-ші сыныпта оқитын Фариданы педофил алдымен зорлап, кейін мәйітін сарайы ішіне жасырыпты. Қылмыс орнынан табылған ұялы телефон бойынша тұрғындардың өзі қаскөйді тез ұстады.Тіпті жазасын да өздері бермек болған. Сөйтсе азғын ауылдан тезірек із суытуды ойлаған екен. Тек үлгере алмай қалыпты. Енді ол қалған өмірін қатаң тәртіптегі колонияда өткізеді. 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін