Бүлік шыққан Орал түрмесінде тәртіп қалпына келтірілді - kaz.caravan.kz
  • $ 467.65
  • 533.26
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүлік шыққан Орал түрмесінде тәртіп қалпына келтірілді

Бүлік шыққан Орал түрмесінде тәртіп қалпына келтірілді

Орал түрмесіндегі сотталушылардың бүлігінде ешкім өлмеген, алған жарақаттары да жеңіл. Бүгін облыстық Қылмыстық атқару жүйесінің басшылығы жазасын өтеушілердің екі күнге жалғастырған қарсылығына қатысты осындай ресми мәлімдеме жасады.

  • 23 Тамыз 2013
  • 308
Фото - Caravan.kz

Ал іштегі бүліктің шығуына тыйым салынған заттарға тінту жасау себеп болыпты. Тек бір тексерудің өзінде абақшы қызметкерлері 15 ұялы телефон, 20 пышақ, теледидар мен желдеткішке дейін тәркіленген. Аталмыш заттардың қатаң бақылаудағы нысанға қалай өткізілгенін анықтау мақсатында тексеру жұмыстары басталып кетті. 170/2 түзету мекемесінде қазір жағдай біршама тұрақталған. Жараланған сотталушыларға медициналық жәрдем көрсетілсе, туыстарына оларды көруге мүмкіндік беріліпті. Сондай-ақ жауаптылар шу шығарғандарға қатысты тағы бір қылмыстық іс қозғады.


Бекболат Төремұратов, БҚО Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы:

Шу болуы мүмкін деп тиісті орындарға алдын-ала хабарладық. Неге десеңіз, сотталғандарды тәртіпке келтірер болсақ үнемі осындай былық орын алады. Өз-өздеріне қол жұмсайды деген сияқты.