Бұқар жыраудың 11 тілегі - kaz.caravan.kz
  • $ 441.58
  • 480
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бұқар жыраудың 11 тілегі

Бұқар жыраудың 11 тілегі

Бұқар жыраудың 11 тілегі 

  • 15 Наурыз
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бір Аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз:
Әзәзіл, пысық, залымның
Тіліне еріп азбасқа.
Үшінші тілек тілеңіз:
Үшкіліксіз көйлек кимеске.
Төртінші тілек тілеңіз:
Төрде төсек тартып жатпасқа.
Бесінші тілек тілеңіз:
Бес уақытқы бес намаз
Біреуі қаза қалмасқа.
Алтыншы тілек тілеңіз:
Алпыс қана ақ орда,
Ардақтаған аяулың
Күнінде ертең біреуге
Тегіннен-тегін олжа болмасқа.
Жетінші тілек тілеңіз:
Желкілдеген ту  келіп,
Жер қайысқан қол келіп,
Сонан сасып тұрмасқа.
Сегізінші тілек тілеңіз:
Сегіз қиыр шартарап
Жер тұлданып тұрмасқа.
Тоғызыншы тілек тілеңіз:
Төреңіз таққан таймасқа,
Тоқсандағы қарт бабаң
Топқа жаяу бармасқа.
Оныншы тілек тілеңіз:
Омыртқасы үзілген,
Аязды күнге айналған,
Бұлтты күнде толғанған,
Тар құрағын кеміткен,
Тас емшегін жібіткен
Анаң бір аңырап қалмасқа.
Он бірінші тілек тілеңіз:
Он бармағы қыналы,
Омырауы жұпарлы,
Исі жұпар аңқыған,
Даусы құдай саңқыған,
Назыменен күйдірген,
Қылығымен сүйдірген,
Ардақтап жүрген бикешің
Жылай да жесір қалмасқа!

Соңғы жаңалықтар