Бурабай дауажайында ҚР президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар Кеңесінің мәслихаты өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 522.91
  • 548.85
-16 °C
Алматы
2024 Жыл
13 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бурабай дауажайында ҚР президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар Кеңесінің мәслихаты өтеді

Бурабай дауажайында ҚР президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар Кеңесінің мәслихаты өтеді

Бүгін, 5-маусымда Бурабай дауажай аймағындағы "Оқжетпес" шипажайында ҚР президентінің жанындағы шетелдік инвесторлар Кеңесінің пленарлық отырысы өтеді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 5 Маусым 2003
  • 566
Фото - Caravan.kz

Мәслихатта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандағы инвестициялық климатты жетілдіру» тақырыбында сөз сөйлейді деп күтілуде.

ҚР индустрия және сауда министрі Мәжит Есенбаев шетелдік инвесторлар Кеңесінің өткендегі мәслихаты шешімдерінің орындалу қорытындысы және шетелдік инвесторлар Кеңесінің жанынан құрылған біріккен жұмыс топтарының атқарған істері туралы есеп береді.
Сондай-ақ, мәслихатта Еуропалық қайта құру және даму банкінің президенті Жан Лемьер, «Шеврон-Тексако Корпорейшн» корпорациясы төрағасының орынбасары Питер Робертсон, Бритиш газ компаниясының атқарушы директоры Фрэнк Чапмен,
«ЛНМ Групп/Испат Интернэшнл» президенті Лакшми Миттал мырзалар сөз сөйлейді деп күтілуде.
Шетелдік инвесторлар Кеңесінің мәслихатынан кейін Нұрсұлтан Назарбаев пен Жан Лемьер баспасөз мәслихатын өткізеді деп жоспарланған.