31 жастағы Үлгі ауылы тұрғынының бұл осымен екінші рет қолға түсуі. Былтыр ол орманда заңсыз ағаш кескендермен бірге ұсталған болатын. Бірақ кейін сүттен ақ, судан таза шықты. Енді ағашты қойып, қорық аумағында аң атуға көшкен. Қолға түскенде табиғат қаскөйінен екі еліктің, екі қабан еті мен түлкі терілері табылды. Дегенмен, парк қызметкерлері ол тағы «жауаптан жалтарып кете ме?» деп отыр. Оған себеп те жоқ емес.
Ерлан Құтпанбаев, «Бурабай» Ұлттық табиғи паркі директорының орынбасары:
-Снегоходтың ізімен жүріп отырып, жаңағы құқық бұзушы Тоқсанбаевтың үйіне алып келгенде осы жерге сол ауылдың учаскелік полциясы шақырылған болатын. Сол бізбен бірге тексеру жасауға ниет білдірмеді, қарсыласты. Жедел топ келген уақытқа дейін полицей Тоқсанбаев сөйлесті. Сондықтан біз қорқып отырмыз Тоқсанбаев жауапкершіліктен тайқып кете ме деп.