«Кеше Бурабайда Қазақстанның атақты штангашысы, Олимпиада ойындарының жеңімпазы Анатолий Храпатый мотоцикл мініп жүріп мерт болды», -деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Анатолий Михайлович Храпатый 1962 жылдың 20 қазанында туған. Атақты ауыр атлетші спортта талай биік мәртебелі атақтарды жеңіп алған. Астаналық атлет дүниежүзілік және Еуропа чемпионаттарының бірнеше мәрте жеңімпазы, Сеул Олимпиадасының жүлдегері, Атланта Олимпиадасының күміс медаль жүлдегері, КСРО халықтары мен Қазақстан Спартакиадаларының бірнеше мәрте жеңімпазы атанған.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті