"2015 жылы тағы 10 мейрамхана мен фуд-корт ашпақпыз, оның бесеуі қазір салынып жатыр,оның ішінде 4 "Автоэкспресс" мейрамханасы бар, бұл жаңадан 140 жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік бермек”, деді "Интерфакс-Қазақстанға"Қазақстандағы Burger King бас директоры Самир Нашед.
Жалпы құйылып отырған инвестиция көлемі 5 млн доллар шамасында, деді компанияның баспасөз қызметінен.
Burger King 1954 жылы құрылған, негізінен бургер дайындайды, АҚШ-тағы McDonalds-тың басты қарсыласына саналады. Әлемнің 83 елінде 12,5 мыңнан аса мейрамханасы бар, Қазақстанда компания 2012 жылдан бастап қызмет көрсетуде.