Жарияланды: 430

Бұрынғы денсаулық сақтау министрінің ісі бойынша бас куәгер соттан жауап алуға қатыспауға рұқсат сұрады

Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша бас куәгер ретінде тартылып отырған «Астана-КБТ»ЖШС-інің басшысы Қайрат Кенжин соттан өзіне жауап алуға қатыспауға рұқсат сұрады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Сот отырысына отбасылық жағдайға байланысты қатыса алмайтындықтан, менің алдын ала тергеуде берген куәліктерімді сот талқылауында менің қатысуымсыз жариялауды өтінемін. Тергеу барысындағы куәліктерімді талап етемін», - деп мәлім етті Қ. Кенжиннің өтінішін бейсенбі күні сот тыңдауында оқып берген Мейрам Жанғұттынов. Өз кезегінде айыпталушылардың адвокаттары наразылық білдіріп, Қ.Кенжиннің өтінішінде «нақты қандай отбасылық жағдайға байланысты» сотқа қатыса алмайтыны аталмағанын айтты. Осыған байланысты судья «Астана-КБТ» ЖШС басшысының өтінішін кері қайтарып, оны қайталап сотқа шақыру туралы қаулы етті. «Бүгінгі күні оның келе алмайтынын дәлелдейтін дәлелдер жоқ. Біз оған шақыру жібердік және ол қазір шынымен де ауырып, емделіп жатыр. Келесі аптада Астанада болады», - деді судья. Бұрын хабарланғандай, мемлекеттік айыптаушы Тельман Аленовтың айтуынша, Ж Доскалиев 2005 жылы Астанадағы медициналық академияның ректоры қызметінде жүргенде (академияға тиесілі - ҚазТАГ) жер телімдерін көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы үшін «Астана КБТ» ЖШС компаниясына берді деп айыпталып отыр. Бұрынғы денсаулық сақтау министрі медакадемияның шаруашылық істері бойынша проректоры – Нұрлан Дүйсалиевке сәйкес құжаттарды рәсімдеуге көмектесу туралы нұсқау берген. «Қызметі бойынша оған тәуелді болған Дүйсалиев Кенжиннен («Астана КБТ» ЖШС директоры) пара алуда келісімге қол жеткізуге қолдау көрсетуге келіскен», - деді мемлекеттік айыптаушы. Оның айтуынша, бұл заңға қайшы әрекеттер «медакадемияны жер пайдалану құқығынан, мемлекетті құны Т59 млн 139 мың 785 болатын аталған жер телімдеріне меншік құқығынан айыру түрінде көрініс тапқан» құқықтар мен заңдарды, мемлекет пен ұйымдардың (медакадемияның – ҚазТАГ) мүдделерін бұзуға әкеліп соқтырды. Осылайша, Ж. Досқалиев қызмет бабын асыра пайдаланған, деп нақтылады мемлекеттік айыптаушы. Өзінің заңсыз әрекеттері үшін ол Кенжиннен делдал Н. Дүйсалиев арқылы Т27 млн 52 мың көлемінде пара және жалпы бағасы Т38 млн-нан асатын 4 пәтер алған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін