Айтуынша, қазіргі президент, бұрынғы мэр Родриго Дутерте арнайы топ құрып қылмыскерлердің сотсыз көзін жойып отыруға өзі бұйрық берген. Сенат тыңдауында ағынан жарылған полицей, негізі жеке өзі 300 адамды өлтіргенін, оның 200-і “өлім командасында” болғанын айтыпты.
Ол соңғы рет 2015 жылы кісі өлтірген. Полицей сондай-ақ, қазіргі президенттің екі қарсыласының да көзі жойғанын растады. Ол кезде Дутерте әлі Давао қаласының басшысы болып тұрыпты.
Мамыр айында ел президенті болып сайланған Дутерте есірткі сақтап, тасымалдаушылармен қатаң күресті бастаған. БҰҰ соңғы мәліметтері бойынша, билік басына келгеннен бері ол елде 6 мыңнан астам адамды өлтірген. Халықаралық қауымдастық оның бұл әрекетін бірнеше рет қатаң сынға алды.