Бүтін бір ауыл қар құрсауынан шыға алмай отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүтін бір ауыл қар құрсауынан шыға алмай отыр

Бүтін бір ауыл қар құрсауынан шыға алмай отыр

Ақтөбенің түкпіріндегі ауыл тұрғындары осымен үш апта бойы қар құрсауында қалып отыр. Дәрі-дәрмек пен тамақтан тарыққан жұрт қазір дүкендегі тауарды да тауысыпты. Ал әкім-қаралар Тасөткелге апаратын жолды арши алмай, әлі әлек болып жатыр.  

  • 13 Ақпан 2014
  • 261
Фото - Caravan.kz


-Адам өліп жатса молдаға дейін келе алмады. Өздері шығарды. Ешкімге керек болмай қалдық. Тыңдайтын адам жоқ.

Бұл таспаны бізге Тасөткелдіктер интернет арқылы жіберді. Кадрда ауылдағы дүкеннің сөресі бос тұр. Тұрғындар тіпті ұн, қант мен шәй секілді ең қажетті тауардың өзінен тарығып отыр. Ауыл әкімімен хабарласқанымызда, бүгін кештен қалмай Тасөткелге апаратын жолды «тазалаймыз» деп уәде берді. Айтуынша, коммуналдық қызметтегілер жұмысқа үш күн бұрын кіріскен екен. Алайда, қарды тазалауға шыққан техника бұрқасынға тап болып, бұзылып қалыпты.