Бүтін жолды трактормен бұзған жол жөндеушілер көптің ашуын тудырды (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүтін жолды трактормен бұзған жол жөндеушілер көптің ашуын тудырды (ВИДЕО)

Бүтін жолды трактормен бұзған жол жөндеушілер көптің ашуын тудырды (ВИДЕО)

Шымкентте орталық көшелердің бірінде бүтін тратуарды бұзып, жаңасын салмақ болғандар көптің ашуын тудырды. Ал жауаптылар оның өз себебі бар деп отыр.

  • 28 Қазан 2021
  • 36
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Express Qazaqstan-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Әлеуметтік желілерде Шымкенттің орталық көшелерінің біріндегі бүтін тратуарды арнайы трактормен бұзып, әкетіп жатқандардың видеосы пайда болды. Бейнежазба авторы құрылысшылардың бұл әрекетіне таң қалып, тіпті олармен тілдеседі.

Обал ғой мынау. Бүтін тұрған жерді трактормен бұзып жатыр. Басқа істейтін жұмыс қалмаған ғой Шымкентте. Неге бұзып жатыр?

—дейді видеоны түсіріп тұрған азамат.

"Жаңасы төселеді" деген құрылысшылардың бірі наразылық білдірген тұрғынға "Әкімдерге барып айтсай" деп қысқа қайырады.

Бейнежазба желі қолданушылары арасында қызу талқыға түсті. Олардың көбі шенеуніктердің бұл әрекеті ақша жеудің амалы деген пікір қалдырды.

"Ақшаны босқа шашу, жымқырғанның орнын жабу", "Әлі де кемінде 5 жыл тұратын еді. Сол ақшаны басқа да әлеуметтік мәселелерге жұмсауға болатын еді ғой", "Ақшаны игеріп жатыр" деп жазды желі қолданушылары.


Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасындағылар бұл тратуарларды тегістеу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар деп отыр. Ол үшін мемлекет есебінен 2 миллиард теңге қаралған. Бұл қаржыға ұзындығы 5,5 шақырым Республика даңғылындағы тратуарды жаңарту, веложолдар салу, жолдарды орташа жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

"Даңғылдың бойында орналасқан "Қиял әлемі" ойын-сауық кешенінің алдында орналасқан тратуардан шыққан жарамды тастар қаламыздың шеткі аймақтарындағы аялдамаларға төселетінін хабарлаймыз", — деді басқармадағылар.

Соңғы жаңалықтар