«М.Киаи Қазақстанға сапары барысында Жаңаөзенде де болды. Киаидің айтуынша, сол күндердегі оқиғалар туралы деректер қайшылыққа толы. Сондықтан ол үкіметті тәуелсіз зерттеу жүргізуге рұқсат етуге шақырды», — деп хабарлайды БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Бас комиссарының баспасөз қызметі.
Тоғыз күндік сапар барысында М.Киаи Алматы, Астана және Ақтау қалаларында болып, мемлекеттік органдар, сот, азаматтық қоғам өкілдерімен, депутаттармен және дипломатиялық корпус өкілдерімен кездесті.