Жарияланды: 570

БҰҰ бағалауы бойынша 2100 жылы Жер тұрғындарының жартысына жуығы 100 жасқа дейін өмір сүреді

Демографияға болжам жасауда ғалымдар жиі қателесуде. Бұл бүгін Алматыда өтіп жатқан "Орталық Азиядағы өлім-жітім" деп аталатын халықаралық семинарда айтылды.

"БҰҰ бағалауы бойынша 2100 жылы Жер тұрғындарының жартысына жуығы 100 жасқа дейін өмір сүреді. Өз басым кейбір сарапшылардың 2050 жылы орташа өмір сүру жасы 100-ге жетеді дегенге сенбеймін", - дейді БҰҰ-ның халық қоныстануы қорының субаймақтық кеңсесінің директоры Николай Ботев. Ал демограф Леонид Гавриловтың айтуынша, 50 жыл бұрын орташа өмір сүру ұзақтығы баяулайды деп жоспарланған. Алайда қазір дамыған елдерде жыл өткен сайын өмір сүрудің ұзақтығы артып келе жатыр. 2050 жылы орташа өмір сүру ұзақтығы 100 жасты құрайды деген қиял боп көрінуі мүмкін. Бірақ ғылым бір орында тұрған жоқ. Биологиялық ағзаның ғұмырын ұзартуда үлкен зерттеулер жүргізіліп жатыр. Мәселен, қазір ғалымдар зерттеу жасалған кейбір жан-жануарлардың өмірін ондаған есеге дейін ұзартуға қол жеткізіп отыр.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін