Астана. 16 қараша. «Қазақстан Бүгін» — БҰҰ Даму бағдарламасы Қазақстан үкіметін Биологиялық түрлерді сақтау қорының капиталын ұлғайтуға қаржы бөлуге шақырады. Бұл туралы бүгін «Мемлекет, бизнес пен бейресми ұйымдардың тұрақты даму мәселелеріндегі әріптестігі: жаңаша қатерлер- жаңаша көзқарастар» атты халықаралық конференция барысында БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілінің орынбасары Стелиана Недера айтты, деп хабарлайды агенттік тілшісі.