Жарияланды: 380

БҰҰ мен Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі Семей аймағын дамыту жөнінде жаңа бірлескен бағдарламаны іске қосты

Бүгін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен ҚР БҰҰ жүйесінің Резидент-Үйлестірушісі Стивен Тулл «Аймақтық жобалауға инновациялық тәсілдер енгізу және халыққа әлеуметтік көмек көрсету арқылы ШҚО бәсекелестігін арттыру» атты жаңа бірлескен бағдарламаның құжатына қол қойды.

Бағдарлама 2011-2015 жылдарға арналған және 11,6 млн. АҚШ долларын құрайды. Қабылданған келісім Семей ядролық полигонынан зардап шеккен науқастардың денсаулығын жақсартуға бағытталатын болады. Кездесу барысында аймақ басшысы аталмыш келісім құжатының облыс үшін, әсіресе Семей аймағы үшін маңызы зор екенін атап өтті. Бөлініп отырған грант өз арнасына, яғни денсаулық саласына жұмсалатын болады - деді. Сонымен қатар Шығыс қазақстан БҰҰ-мен өз байланысын нығайтып, алдағы уақытта жаңа жобаларды да іске асыратынын жеткізді. БҰҰ-ның даму бағдарламасының Тұрақты өкілі Стивен Тулл аталмыш жоба Қазақстанмен арадағы байланысты нығайтып, стратегиялық байланысты дамытуға бағытталғанын айтты. Сонымен қатар осы бағдарлама шеңберінде БҰҰ Агенттігі мемлекеттік ұйымдар, азаматтық қоғам институттарының тиімділігін көтеруге бағытталған зерттеулер мен бағдарламалар әзірлеуге, республикалық және жергілікті бағдарламаларды іске асыруға көмек көрсететінін атап өтті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін