БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шұғыл отырысына қатысушылар сәрсенбіде сириялық астананың іргесінде химиялық қарудың қолданылғандығы туралы хабарламаларды нақтылау қажеттілігін қолдады, деп мәлімдеді БҰҰ жанындағы Аргентинаның тұрақты өкілі, ҚК қазіргі төрағасы Мария Кристина Персиваль.
"БҰҰ ҚК мүшелері химиялық қарудың пайдаланылғандығы туралы хабарларға қатты алаңдауда", деді дипломат екі сағаттық кеңес аяқталған соң журналистерге.
Ол атап өткендей, БҰҰ ҚК мүшелері БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Муннің Сирияға алдында келген БҰҰ сарапшыларына оқиғаларды тергеуге санкция беру ниетін құптап отыр.
Алдында хабарланғандай, сәрсенбіде Дамаск іргесінде химиялық қару қолданылған болуы керек. Оппозиция содырлары мен елдің билігі оған бір-бірін айыптап отыр.
Сириялық билік химиялық қару қолданды деген ақпарат алдын-ала ойластырылған арандатушылыққа ұқсап отыр, деп мәлімдеді РФ СІМ ресми өкілі Александр Лукашевич.