БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі Мысырдағы ахуалға байланысты шұғыл отырыс өткізіп жатыр, деп хабарлайды британдық Би-би-си телерадиокорпорациясы.
Бұған дейін хабарланғандай, елдің қауіпсіздік күштері президент Мұхаммед Мурсиді биліктен ығыстыруға қарсылық білдірген топқа күш қолданған болатын.
Ұлыбритания, Франция мен Австралия өкілдері шақырған кеңес журналистердің қатысуынсыз, жабық өтіп жатыр.
Ресми деректерге сүйенсек, бұрынғы президенттің жақтастары мен Мысыр полициясы арасындағы қақтығыс кезінде 600-ден астам адам көз жұмған.