Жарияланды: 370

БҰҰ Қазақстанның мүгедектер құқықтарын қорғау саласындағы есебін жоғары бағалады

БҰҰ Қазақстанның мүгедектер құқықтарын қорғау саласындағы есебін жоғары бағалады

ҚР Адам құқықтары жөніндегі Ұлттық орталықтың жетекшісі Вячеслав Калюжныйдың мәлімдеуінше, Қазақстанның мүгедек адамдардың құқықтарын қорғау саласындағы есебі Орталық Азия елдеріне үлгі болды.

Оның хабарлауынша, бүгінде Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мекемесі Орталық Азия бойынша мүгедек жандардың құқықтарын қорғау бойынша ұлттық институттардың стратегиясын әзірлеуге атсалысып жатыр. Осы бастама аясында «Шырақ» қоғамдық бірлестігі арнайы сараптама өткізіп, Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі жандардың құқықтарын сақтау саласындағы жағдайдың есебін даярлап шықты. «Бүгінде біз оны Біріккен Ұлттар Ұйымының Даму бағдарламасының Братиславадағы аймақтық орталығына жібердік. Бұл құжат жоғары бағаланды. Орталық мамандары Қазақстанның есебін Орталық Азия елдеріне таратып, осының үлгісінде зерттеу жұмыстарын жүргізуге кеңес беріп отыр», - деп атап көрсетті В.Калюжный.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін