Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысының өкілі Стефан Дюжаррик мәлім етті.
«БҰҰ мен Химиялық қарудан қорғау ұйымының бірлескен миссиясы Сирияда жинақталған изопропанол қорының жойылғанын мәлімдеді», — деді ол Нью-Йоркте өткен брифингте.
С.Дюжарриктің айтуынша, химиялық қару жасау үшін қолданылатын заттар қорының 7 пайызы әлі Сирия аумағында қалып қойған. Өкіл осы заттарды тездетіп жоюға күш салуға шақырды.