БҰҰ Стамбулдағы лаңкесттік әрекеттерді айыптайды - kaz.caravan.kz
  • $ 441.66
  • 475.14
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
5 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БҰҰ Стамбулдағы лаңкесттік әрекеттерді айыптайды

БҰҰ Стамбулдағы лаңкесттік әрекеттерді айыптайды

БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесі 20-қарашада Стамбулда болған лаңкестік әрекеттерді айыптаған резолюцияны бір дауыстан қабылдады. Бұл туралы БҰҰ-нан тататқан хабарламада айтылған.

  • 21 Қараша 2003
  • 588
Фото - Caravan.kz

Резолюцияда БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің лаңкестіктің барша түрімен күресті жалғасыра беруге деген бұлтарыссыз шешімі туралы жарияланған. Құжат мәтінінде Түркия және Ұлыбритания халықтары мен үкіметтеріне, сондай-ақ, қаза тапқандардың жақындары мен туыс-туғандарына көңіл айтылған.

Бұған дейін БҰҰ-ның бас хатшысы Кофи Аннан да өз мәлімдемесінде 27 адам қаза тауып, 400-ден астам адам жараланған Түркиядағы лаңкестік сипаттағы жарылыстарды айыптаған болатын. К.Аннан лаңкестік шараларды ұйымдастырушыларды «адам өмірін құрметтеу дегеннен мүлдем бейхабар лағнеттер» деп атады.

Соңғы жаңалықтар