Бұзақылар Малыбай ауылының 7 тұрғынының құрылыстары мен көліктерінің терезелерін сындырып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бұзақылар Малыбай ауылының 7 тұрғынының құрылыстары мен көліктерінің терезелерін сындырып кетті

Бұзақылар Малыбай ауылының 7 тұрғынының құрылыстары мен көліктерінің терезелерін сындырып кетті

Алматы. 2 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Бұзақылар Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Малыбай ауылының 7 тұрғынының құрылыстары мен көліктерінің терезелерін сындырып кетті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 2 Шiлде 2008
  • 578
Фото - Caravan.kz

Аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Оны тергеу және бұзақыларды қамауға алу үшін ІІД және Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ қызметкерлерінен тұратын тергеу тобы келіп жетті, — деп атап көрсетті баспасөз қызметі.

Оқиғадан кейін қоғамдық тәртіпті сақтауға ауылға Еңбекшіқазақ аудандық ІІБ мен облыстық жол полициясының жеке құрамы тартылған. Баспасөз қызметінің хабарламасына сүйенсек, қазіргі уақытта аудандағы жағдай бақылауда отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті