Бүкіл Еуропа жарықсыз қалып, у-шу болып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 511.59
  • 575.28
+17 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүкіл Еуропа жарықсыз қалып, у-шу болып жатыр

Бүкіл Еуропа жарықсыз қалып, у-шу болып жатыр

Бүкіл Еуропада электр жарығы жаппай өшті. Испания мен Португалияда көлік кептелісі туындап, бағдаршамдар мен байланыс қызметі де жұмыс істемей қалды

  • 29 Сәуiр
  • 7
ФОТО: unsplash

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Sky news-тің хабарлауынша, Францияда, Андоррада, Нидерландыда және Бельгияда электр қуатына байланысты белгілі бір проблемалар болған. Тіпті, Лиссабонда метро тоқтап қалды.

Басылымның хабарлауынша, электр қуатын қалпына келтіру жұмыстары 10 сағатқа созылуы мүмкін. Екі елде де әуежайлар мен қоғамдық көліктер қиын жағдайға тап болғаны белгілі.

Шетелдік БАҚ Мадрид метрополитенінде кептеліс болып, қалада бағдаршамдар жұмыс істемей қалғанын жазады. Сондай-ақ, жарықтың болмауына байланысты Madrid Open теннис турнирі де орта жолдан тоқтаған.

Электр жарығына байланысты туындаған аласапыранға не түрткі екені белгісіз. Болжам бойынша, оқиға Францияның оңтүстік-батысында болған өрт кезінде жоғары вольтты желілердің зақымдануымен байланысты болуы мүмкін. Кейбір бұқаралық ақпарат құралдары бұл арада кибершабуылдың да болу ықтималдылығын жоққа шығармайды.