”Былапыттарды эфирге шығаруға анасының тәрбиесі әсер етпеген екен”: Сәуле Әбілдаханқызы Аша Матай туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 474.63
  • 544.5
+33 °C
Алматы
2026 Жыл
31 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Былапыттарды эфирге шығаруға анасының тәрбиесі әсер етпеген екен”: Сәуле Әбілдаханқызы Аша Матай туралы

”Былапыттарды эфирге шығаруға анасының тәрбиесі әсер етпеген екен”: Сәуле Әбілдаханқызы Аша Матай туралы

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы депутаттық сайлауға үміткер Аша Матайды қатаң сынға алды.

  • 31 Шiлде
  • 57
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Қызу саяси дода басталғанда «төменетекті әйелмін, ер-азаматпен айтыспаймын» деп, саяси сауатсыздығыңды «әйелдігіңмен» ақтайтының бар, дискуссиядан қашатының бар, — партияда, Құрылтайда, саясатта атаңның басы бар ма? Неге бардың ендеше? Асүйде ет асып, жұмыртқа қуырып, кір жуып отыра берсейші. Саясат деген сенің қалауың бола салатын жер емес! Саясат деген, партия деген, Құрылтай деген — айтыс-тартыс, жаға жыртыс, бергеннің қолынан, бермегеннің жолынан алатын жер! Халық үшін, мемлекет үшін жанпида жер! Өліспей беріспейтін, еркек түгіл ібіліспен ұрысатын, ел үшін тұрысатын жер. Бес тонна бояу жағып, өтірік майысып, образға кіріп отыратын жер емес. Әйелдігіңді үйіңде күйеуіңе көрсет. «Депутат боламын» деп саясатқа келген екенсің — сол орынға лайық екеніңді дәлелде, саяси сауаттылығыңды көрсет! Ол жоқ па — саясатта жоқ бол!

Пысы: Телеарнада тәрбиесіз былапыттарды эфирге шығаруға анасының тәрбиесі әсер етпеген екен. Айтпақшы, бұның шын аты-жөні кім? Өтірік, жалған, лақап атпен сайлауға қатыса ма, әлде заңды, шынайы аты-жөнімен қатыса ма? Өтірік аты-жөнімен қатысса — заң бұзушылық болады. Кандидаттығы қай есімімен тіркелген”, — деп жазды журналист.

Естеріңізге сала кетейік, Аша Матай ер адаммен сөз таластырмайтынын айтып, дебаттан бас тартқан еді.

”Мені пікірталасқа шақырып жүрген кейбіреулер бар екенін естіп жатырмын. Анамның үйреткені: «Қазақ қызына жеке мүддесін дәлелдеу мақсатында ермен, оның үстіне ел ағасы жасындағы ер адаммен сөз таластыру жараспайды». «Айтарым бар, арманым бар» дей келе, тәрбием жібермейді. Дұрыс түсінесіздер деп ойлаймын. Көкірегімді дәлелдеу үшін дауласуға жоқпын”, — деді өнер иесі.