Былтыр Қазақстанда үш мыңға жуық суицид тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Былтыр Қазақстанда үш мыңға жуық суицид тіркелді

Былтыр Қазақстанда үш мыңға жуық суицид тіркелді

2014 жылы Қазақстанда 2 932 суицид тіркелді.

  • 14 Қаңтар 2015
  • 816
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің төрағасы Әлихан Смайылов мәлім етті.

«Суицид мәселесіне тоқталатын болсақ, өткен жылы 2932 адам тіркеліп, 2013 жылмен салыстырғанда 10,3 пайызға төмендеу байқалды», — деді комитет басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, өзіне қол жұмсау бойынша статистиканы ҚР Бас прокуратурасы Құқықтық статистика орталығы жүргізеді. Жалпы соңғы бес жылда елімізде өлім-жітімнің төмендеуі үрдісі жалғасуда.