Былтыр ВИЧ жұқтырған 300 әйел дүниеге сәби әкелген - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Былтыр ВИЧ жұқтырған 300 әйел дүниеге сәби әкелген

Былтыр ВИЧ жұқтырған 300 әйел дүниеге сәби әкелген

Қазақстанда жылына 1500-ге жуық адам ВИЧ індетін жұқтырады. Бұл туралы бүгін Шымкентте өтіп жатқан халықаралық семинарда Азаттыққа респу

  • 14 Маусым 2017
  • 246
Фото - Caravan.kz

Қазақстанда жылына 1500-ге жуық адам ВИЧ індетін жұқтырады. Бұл туралы бүгін Шымкентте өтіп жатқан халықаралық семинарда Азаттыққа республикалық СПИД орталығының бас директоры Бауыржан Байсеркин айтты.

— Қазақстанда ВИЧ көбіне нашақорлардан, жезөкшелерден және анадан балаға жұғып жатыр. Жыл сайын ВИЧ жұқтырған адамдар диагностикадан өтеді. Жылда 1500-дей адам ВИЧ жұқтырып, жаңадан тіркеледі. Балалар өте аз, — дейді Бауыржан Байсеркин ЮНИСЕФ-тің ұйымдастырумен өтіп жатқан халықаралық семинарда.

Бас директордың сөзінше, 2016 жылы ВИЧ жұқтырған 300 әйел бала тапқан. Оның ішінде, үш әйел тиісті емін қабылдамағандықтан баласына ВИЧ жұқтырған.


— Қалғаны дені сау балалар. Кейбір ВИЧ жұқтырған әйелдер 2-3 бала туып, өсіріп жатыр. Балаларының дені сау, — дейді Байсеркин.

Соңғы жаңалықтар