Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің есепшоттарында 1 қыркүйектегі жағдаймен пайдаланылмаған 62,2 млрд теңге қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің есепшоттарында 1 қыркүйектегі жағдаймен пайдаланылмаған  62,2 млрд теңге қалды

Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің есепшоттарында 1 қыркүйектегі жағдаймен пайдаланылмаған 62,2 млрд теңге қалды

Астана. 24 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінің есепшоттарында 1 тамыздағы 59,8 млрд теңгемен салыстырғанда 1 қыркүйектегі жағдаймен пайдаланылмаған 62,2 млрд теңге қалды. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында Республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов хабарлады.

  • 24 Қыркүйек 2007
  • 337
Фото - Caravan.kz

«Жағдай мүлдем жаман, бұл іске салғырт қараудың, қырсыздықтың белгісі деп санаймын», — деп мәлімдеді ол.

Қаржы министрі Наталья Коржованың мәлімдеуінше, бюджет қаржысын ең көп пайдаланбағандардың арасында туризм және спорт министрлігі (4,6 млрд), және Орталық сайлау комиссиясы (3,9 млрд) бар.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, объективті себептермен 5,3 млрд теңге, ал субъективті себептермен 56,8 млрд теңге пайдаланылмаған.

Субъективті себептердің қатарына министр «бас мердігерлердің саланып жатқан нысандарға материалдар жеткізу жөніндегі міндеттемесін орындамауы мен байқау процедураларын созып жіберуді » қосты.

Қаржы министрлігінің мәліметінше, жергілікті бюджеттердің үлесінде 1 қыркүйектегі жағдаймен 79 млрд теңге пайдаланылмай қалған. «Ең жоғары үлес Алматы (13 млрд теңге), Оңтүстік Қазақстан облысы (10,8 млрд теңге), шығыс Қазақстан облыстарының (9,9 млрд теңге) иелігінде» — деді ол.

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов хабарлауынша, қарашада мемлекет басшысының қатысуымен үкіметтің отырысы өтіп, онда 9 айдың қорытындысы бойынша бюджеттің орындалу жайы қаралады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті