БЖЗҚ-ның бұрынғы басшысын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
БЖЗҚ-ның бұрынғы басшысын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

БЖЗҚ-ның бұрынғы басшысын қамауда ұстау мерзімі ұзартылды

БЖЗҚ-ның бұрынғы басшысы Руслан Ерденаевты қамауда ұстау мерзімі қазан айының 28-іне дейін ұзартылды.

  • 20 Қазан 2017
  • 247
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұған дейін Алмалы аудандық сотының қаулысымен Руслан Ерденаев Мұса Бахытов, Бақытжан Кенжебаев, А.Найзағаринді қамауда ұстау мерзімі 2017 жылдың 28 қыркүйегіне дейін ұзартылған.

Еске сала кетейік, Алмалы аудандық соты 2017 жылдың 9 қаңтарында «БЖЗҚ» АҚ экс-төрағасы Руслан Ерденаевқа, «БЖЗҚ» АҚ тәуекелдерді басқару департаментінің басшысы Мұса Бахытовқа, «Алатау Мұнай Алтын» АҚ бақылау кеңесінің төрағасы Бақытжан Кенжебаевқа, «Бузгул Аргум» ЖШС директоры А.Найзағаринге қатысты бұлтартпау шарасын тағайындаған болатын.

Сотқа дейінгі тергеу орындары Р.Ерденаев пен өзге де тұлғаларға меншікке қатысты ҚР ҚК 189 бабының 4 тармағы бойынша ауыр қылмыс жасады деп айып тағып отыр.


Айта кетейік, жыл басында Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы қаласындағы департаменті БЖЗҚ-ның құны 5 млрд теңге болатын келісімшартын тексерген болатын. Ұлттық банктің қатысуымен «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ-ның әрекетін тексеру өткен жылдың 21 желтоқсанынан басталған.

 

Соңғы жаңалықтар