Жарияланды: 210

Cәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Cәрсенбіге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауады, оңтүстік және оңтүстік-шығыстың кей жерлерінде қатты жауады. Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел тұруы мүмкін, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ақмола, Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің екпіні 15-23 м/с. Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, желдің екпіні 15-20, ұйытқуы 23-28 м/с.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман, Ақтөбе, Қостанай облыстарында, күндіз Павлодар облысында желдің екпіні — 15-20 м/с. Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, желдің екпіні 15-20, ұйытқуы 23-28, оңтүстік-батысында 30 м/с асады.



 

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть