Сонымен бірге, Венесуэла президенті мұнай бағасы бір барреліне $140 деңгейінде ұзақ мерзімге тұрақтанып қалғанын және ол 100 доллардан төмен түсе қоймайтынына сенім білдірді.
Венесуэла ОПЕК құрылтайшыларының бірі, ал оның барланған 310 млрд баррель мұнай қоры елді осы құрлықтағы ең бай елге айналдырады.
У. Чавес кейінгі кездері мұнай бағасының шұғыл қымбаттауының жауапкершілігі ОПЕК емес, АҚШ-қа жүктелетінін талай мәрте мәлімдеген болатын.
«АҚШ әкімшілігі дүниежүзілік қауымдастықты ОПЕК-ке қарсы қоймақ, ал шын мәнінде мұнай бағасының шарықтай түсуіне АҚШ-тың мұнайға деген тойымсыздығы себеп», -деді У. Чавес.
Венесуэла жетекшісі сонымен бірге АҚШ-тың әлемдегі ықпалына балама болатын, ОПЕК-ке мүше елдердің қаржылық резервінің бір бөлігін сақтайтын банкін құру қажет деп санайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті