Чехия Республикасы парламенті сенатының төрағасы Пржемысл Саботка 9-11 қыркүйекте елімізге ресми сапармен келеді
Астана. 8 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Чехия Республикасы парламенті сенатының төрағасы Пржемысл Саботка 9-11 қыркүйекте елімізге ресми сапармен келеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Сенат төрағасымен бірге депутаттар тобы мен іскер орталар өкілдері болады.
Сапар барысында Чехия парламенті сенатының басшысы біздің еліміздің жоғарғы заң шығару органы палаталарының басшыларымен, Қазақстан Республикасының премьер-министрімен, сыртқы істер министрімен кездеседі.
П.Саботка Қазақстан-Чехия бизнес-жиынының ашылуына және сауда-экономика, өнеркәсіп және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Чехия үкіметаралық комиссиясының екінші отырысындағы хаттамаға қол қою салтанатына қатысады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін