Челахтың ісі бойынша алдын ала тыңдау дүйсенбіде Талдықорғанда гарнизондық әскери сотта өтеді
![]() |
Дүйсенбіде талдықорғанда гарнизондық әскери сотта "Арқанкерген" бекетінде 14 әскери қызметші мен қорықшыны өлтірді деген айып тағылған шекарашы Владислав Челахтың ісі бойынша алдын-ала тыңдау өтеді, |
деді "Интерфакс-Қазақстанға" оның қорғаушысы Серік Сәрсенов.
"Челахтың ісі бойынша алдын-ала тыңдау дүйсенбіде сағат 11-00-де жабық режимде өтеді", деді ол.
Алдында хабарланғандай, В.Челахтың қылмыстық ісі 56 томнан тұрады, оның үшеуі құпия томдарға саналады.
31-қазан күні республиканың бас әскери прокуратурасы В.Челахқа қатысты сот ашық өтеді, оған алқабилер қатысады, деп мәлімдеген болатын.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін