Чили бұрын-соңды болмаған алапат өрттерді сөндіре алмай жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Чили бұрын-соңды болмаған алапат өрттерді сөндіре алмай жатыр

Чили бұрын-соңды болмаған алапат өрттерді сөндіре алмай жатыр

Чилиде ел тарихында болмаған ең жойқын орман өрттері басылмай тұр, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

  • 27 Қаңтар 2017
  • 518
Фото - Caravan.kz

Қазір тілсіз жаудан шамамен 200 мың шаршы шақырым орман зардап шекті. Жергілікті билік кішігірім Санта-Ольга қалашығының толық жойылғанын хабарлады. Ондағы төрт мыңдай тұрғын түгелге жуық баспанасыз қалды. Чилиге осы бағатта халықаралық көмек әлі де келіп жатыр. Бірнеше мемлекет құтқарушылар жасағы мен техникаларын жіберуде. Ресей Ил-76 өрт сөндіру ұшағын жіберді. Әуе кемесі бір мезетте 42 тонна су шаша алады. Сонымен қатар АҚШ-та әлемдегі ең үлкен өрт сөндіретін ұшағын Чилиге аттандырды. 25 қаңтарда келіп жеткен Boeing 747 басқа ұшақтарға қарағанда 22 есе көп су алып ұша алады.



 

Соңғы жаңалықтар