23 жастағы студент Себастьян Рейс 17-ші қабаттан балконнан құлап, аман қалды. Ол алдымен автотұрақ шатырына түсіп, сосын жеңіл көліктің үстіне, одан кейін асфальтқа құлаған. Мұндай биіктіктен құлап, тірі қалу адам сенбес оқиға. Алайда жігіт аман қалып қана қоймай, ауыр жарақаттанған да жоқ.
Құлаған кезде Себастьянның тек жамбасы сынған, бұл дәрігерлерді таңғалдырды.
Түнгі клубтан масайып келген жігіт таза ауа жұтқысы келіп балконға шыққан сәтінде тепе-теңдікті жоғалтып, құлап кеткен.