Жарияланды: 2900

Цифрлық Қазақстан. Емханаға смартфонмен

Цифрлық Қазақстан. Емханаға смартфонмен

Қазақстанды цифрландыру енді медицина саласына да жетті. Бұдан былай сіздің денсаулығыңызды тексеруге дәрігердің өзі келеді.

Осылайша медицинадағы цифрлық технологиялар хал жағдайыңызды күндіз түні бақылап отыруға мүмкіндік береді. Әлбетте, сіздің рұқсатыңызбен. Сонымен қатар дәрігерлердің мойнындағы жүктемені азайтады және науқастың сауығып кету мүмкіндігін арттырады. Бұл жерде мәселе емдеудің жоғары технологиялық әдістерінде ғана емес. Толығырақ «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының бүгінгі санында.

Алдағы жылдан бастап дәрігерлер толықтай қағаз бастылықтан арылады. Емханаға келушілердің құжатын толтыру едауір уақыт алатыны рас. Мәселен, дәрігер түрлі қағазды толтыруға жұмсаған уақытын кезек күтіп отырған келесі науқасты қабылдап, оны тексеруден өткізуге арнайтын еді. Бұл жерде де цифрландыру көмекке келеді. Ол дәрігерлердің жұмысын әлдеқайда жеңілдетеді.

Мамандардың айтуынша, енді пациент туралы ақпараттар біріңғай жүйеге тіркеліп, дәрігерлер қағаз бастылықтан арылуы көзделіп тұр. Бұл ақпараттар кез-келген дәрігерге қолжетімді болады. Қазақстанның медицина саласын цифрландырушылардың жоспары бойынша елдегі барлық емхананың ақпараттық жүйесін біріңғай ақпараттық жүйеге біріктіру. «Оны жүзеге асыру оңай шаруа емес» - дейді мамандар.

Цифрлық технологиялар жақын болашақта алдын алу жұмыстарын күшейтуге де көмектеседі. Бүгінде қазақстандықтар мезгіл сайын медициналық тексеруден өтуге аса қатты ұмтылмайды.

Цифрлық технологиялар меншік иесінің келісімімен оның смартфонын дерек қорға бекітеді. Ал смартфон дәрігерге иесінің денсаулығын, мәселен, тамырдың соғысы, ұйқы және демалу режимі туралы барлық ақпаратты жібереді. Мәліметтермен таныс болған дәрігер адамның қандай да бір ауруы түріне бейімділігі туралы ақпаратты салыстыра отырып алдын алуға тырысады.

Сондай-ақ  цифрлық медицина үлкен деректер жиынтығымен жұмыс істейтін болады. Тұжырымдама жасай отырып, барлық елді мекеннің немесе олардың жеке аудандарының әлеуетті қауіптері туралы ескертеді.

Қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласын қаржыландырудың 85 пайызы ескертуге жұмсалады. Науқастардың құлан таза сауығып кетуі жиі мүмкін болмайды. Бұл дәрігердің біліктігі төмен немесе ауруды емдеп жазу үшін қажетті дәрі-дәрмек әлі ойлап шығарылмағандтықтан емес.

Бұдан былай дәрігерге қаралуға қажеттілігін біздің ішкі түйсігіміз емес, жасанды интеллект ескертіп отырады. Қандай жағдай болмасын, денсаулықты назардан тыс қалдырмаған жөн.

Цифрлық Қазақстан жобасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту Қорының қолдауымен «Коммуникативтік бастамалар және стратегиялар» Жеке қорымен іске асырылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть