Жарияланды: 500

Циклон Қазақстанға жауын-шашын, найзағай және қатты жел әкеледі

Қазақстанның бүкіл аумағындағы ауа райын циклон және онымен бірге келетін атмосфералық ауа ағымы қалыптастырады,

нәтижесінде республика өңірлерінде жауын-шашын жауады, кей жерлерде найзағай ойнайды, қатты жел тұрады, деп хабарлайды Қазгидромет. Ақмола, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында желдің екпіні 15-22 метр/секундқа дейін күшейеді деп күтілуде. Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 метр/секунд жылдамдыққа жетуі, күндіз бұршақ жаууы ықтимал. Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің екпіні 20-25 метр/секунд жылдамдыққа дейін күшейеді, қатты дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін. Маңғыстау облысында, күндіз Алматы облысында - кей жерлерде 15-22 метр/секунд жылдамдықпен жел тұруы, дауыл болуы ықтимал. Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, күндіз екпіні 15-20 метр/секунд жылдамдыққа жететін жел тұрады. Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау облысының кей жерлерінде аптап ыстық сақталады, Қарағанды облысының да кей жерлерінде қатты ыстық болады. Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Батыс Қазақстанның оңтүстігінде, Атырау облысының солтүстігінде, Ақтөбе облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының батысында, Алматы облысының солтүстігі мен Қарағанды облысының батысында төтенше жоғары өрт қаупі сақталады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін