«Кейінгі екі аптада Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады. Тамыз айымен салыстырғанда сырқаттану деңгейі 1,4 есе төмендеді», — деді Шоранов ОКҚ брифингінде.
Марат Шорановтың сөзінше, соңғы айда коронавирустың таралу индексі республика бойынша 17 пайызға төмендеді. Ал инфекциялық төсек-орындардағы адам саны 56 пайыздан 36 пайызға азайған.