Сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, жас жігіт 17 жасқа толған туған күнін тойлау үшін коттедж жалдаған.
Оның кәмелетке толмағанын білген әкімші ересек қонақтардан кепілдікке жеке куәлік қалдыруды сұрапты. Бір тәулікте коттеджге 40 шақты жас жігіт келіп-кеткен, стақан сынып, кондиционердің пульті бұзылған көрінеді.
Әкімші кепілзатты келтірілген шығын өтелгеннен кейін қайтаратынын айтқан соң куәліктің иесі құжатын ұрлап әкетпек болған. Айқай шыққан соң, жас жігіт әкімшіні соққыға ығып, тоғыз жерден пышақтаған. Әйел сол жерде жан тапсырады.
Әкімшінің өлгеніне көзі жеткен соң, жігіт жеке куәлігін, қос ұялы телефон мен алтын алқасын алып жөніне кете барған.