Осылайша, Еуроодақ Грекияны үшінші рет тығырықтан алып шығайын деп отыр. Сөйтіп, Еуропалық тұрақтандыру жүйесі арқылы көмек бағдарламасы жүзеге асырыла бастамақ. Алдымен, шамамен 90 миллиард еуро қаржы аударылып, әрі қарай реформа жүргізумен жалғасатын болады. Ол үшін Грекия парламенті осы жұмыс аптасының соңына дейін еуропалық кредиторлар қойған талаптарды мақұлдауы керек. Ал оған дейін Еуроодақ елдерінің қаржы министрлері тез арада қаражат бөлу мәселелерін шешеді.