ОСАМ басшысы Поль ван Тигхельтаның айтуынша, Еуропа мен Бельгияға ДАИШ тобының жаңа содырларын жібергені туралы ақпарат бар. Алайда, ұйым басшысы егжей-тегжейлі ақпарат бермеді», — деп атап өтеді RTBF.
Бұдан басқа, бүгін ОСАМ басшысы мен Бельгия федералдық полициясы террорлық қауіптің деңгейін бағалады және елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды талқылады.
«Бельгиядағы лаңкестік қауіп деңгейі 3-ші деңгейде (төрт балдық бағалау бойынша) сақталуда», — деп Поль ван Тигхельтаның сөзін келтірді RTBF.Үшінші деңгей «мүмкін және ықтимал» қаупін білдіреді.
Сонымен қатар, ОСАМ басшысы қауіпті жоққа шығармайтынын қосты. RTBF соңғы ресми деректері бойынша Брюссельде лаңкестік құрбандары 32 адам, зардап шеккен 44 адам ауруханада, оның 24-і жансақтау бөлімінде. Жанкешті лаңкестер 22 наурызда Бельгия астанасында екі жарылыс ұйымдастырды. Тағы бір терракті еуропалық институттар орналасқан «Маэльбек» метросы стансасында болды.