Айта кетсек, әйгілі Дакар ралли биыл қаңтардың 5-сі мен 18-і аралығында Оңтүстік Америкада өткен еді. Оған әлемнің түкпір-түкпірінен 400-ге жуық автошабандоздар қатысты. Ал қазақ атынан сайысқа биыл — Артур Ардавичус, Айдын Рақымбаев, Денис Березовский, Владимир Демьяненко және Игнат Фольков бастаған «Астана Маторспортс» командасы қатысқан болатын. Жарыс ортасында қатты ыстыққа шыдас бермей, бір көліктің ғана жанып кеткені болмаса, отандық команда жақсы нәтиже көрсетіп қайтты.