«Дальний Восток» траулерінде қаза тапқандардың отбасыларына ақшалай жәрдем көрсетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 470.8
  • 545.99
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Дальний Восток» траулерінде қаза тапқандардың отбасыларына ақшалай жәрдем көрсетілді

«Дальний Восток» траулерінде қаза тапқандардың отбасыларына ақшалай жәрдем көрсетілді

«Дальний Восток» траулерінде қаза тапқан теңізшілердің отбасыларына 1 млн. рубльден төленеді. 

  • 3 Сәуiр 2015
  • 244
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Сахалин облысының өкілі Алексей Баяндин мәлімдеді. Оның айтуынша, құтқарылған жолаушылардың отбасылары 200 мың рубльден алады.

Естеріңізге сала кетейік, бейсенбі күніне қараған түні үлкен автономдық траулер Охот теңізінің акваторийінде, Магаданнан 300 шақырым жерде апатқа ұшыраған. Қайғылы оқиға кезінде кеменің бортында 132 адам болды. Соңғы мәліметтер бойынша, олардың 56-сы қаза тауып, тағы 13 адам із-түссіз жоғалып кетті. Алдын ала мәліметтер бойынша, апатқа сеңмен соқтығысу салдарынан пайда болған тесік себеп болуы мүмкін.