Данияда викингтердің қорғаны табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 487.01
  • 557.87
+31 °C
Алматы
2026 Жыл
23 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Данияда викингтердің қорғаны табылды

Данияда викингтердің қорғаны табылды

Даниялық археологтар Кёге қаласының батысындағы Зеландия аралынан викингтердің  қорғанын тапты.

  • 6 Қыркүйек 2014
  • 459
Фото - Caravan.kz

Құрылыс дөңгелек пішімді, жалпы ұзындығы 10 метр, қоршауы ұшталған бөренелермен бекітілген.

Бүгінгі күнге дейін Дания аумағында төрт қорған табылған болатын. Бірақ олардың ешқайсысы да бұған ұқсамайды. Сондықтан мамандар жәдігерді бірегей деп бағалауда және тарих оқулығына кіретініне сенімді.

Бұдан бұрын Данияда солтүстік Ютландиядағы Аггерсборг пен Фюркат, батыс Зеландиядағы Треллеборг, Оденса маңындағы Фюндағы Ноннебаккенде қорғандар табылған болатын.

 Олардың соңғысы 60 жыл бұрын қазылды.


Валле Боргринг атауын алған жаңа қорған аумағы бойынша бес бекіністің үшіншісі болып табылады, оның диаметрі — 145 метр. Ғалымдар әзірге оның қай ғасырға жататындығын нақты анықтаған жоқ. Алайда оның жасы бұдан бұрын табылған құрылыстар сияқты шамамен 1 мың жыл деп болжануда. Ол кезде Данияны король Харальд Синезубый (930-986 жж) басқарған.