Даниял Ахметов Семейде қоғамдық көлікпен жүріп қайтты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Даниял Ахметов Семейде қоғамдық көлікпен жүріп қайтты

Даниял Ахметов Семейде қоғамдық көлікпен жүріп қайтты

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниял Ахметов Семей қаласының қоғамдық көліктерінің жұмысын ерекше жолмен тексерді: № 13 бағытында жүретін автобусқа отырып, бірнеше аялдама жүріп өтті, - деп хабарлайды Altaynews.kz.

  • 24 Сәуiр 2017
  • 307
Фото - Caravan.kz

Баслым мәліметінше, "Темір жол вокзалы" аялдамасында Ахметов автобустарды қарап шықты. Бірінші тоқтаған № 29 бағытында жүретін автобус жолаушыларды тасымалдау жұмысының бар қызығын көрсетті. Қытайлық  автобустың бамперлері бүлінген, ал жүргізушісі тазалық пен ұқыптылығымен мақтана алмады.   

Даниял Ахметов № 13 бағытында жүретін автобусқа отырып, барлық жолаушылармен бірге бірнеше аялдама жүріп өтті. Облыс әкімі қоғамдық көліктегі олқылықтарды айтып, тапсырмалар берді. Жұмыс сапары барысында өзінің байқағандарын ол қалалық мәслихаттың депутаттарымен бөлісті. 

"Депутаттардың қайсысы әрдайым қоғамдық көлікпен жүреді? Сол үшінде депутаттарды қоғамдық көлік мәселесі аса қызықтырмайды. Мен бүгін автобуспен жүріп қайттым. Менің не көргенімді білесіздер ме? Біріншіден, автобустардың уақыты белгіленбеген, аялдамаларда олар белгіленбейді, тек соңғы аялдамада есеп береді. Автобустың салоны өте лас, әйнектерін жапқыштар емес, кір жауып тұр. Сонымен қатар, түтін шығатын құбыр жолаушылар отыратын жақтан шығып тұр!", — деп шүйлікті Ахметов.  


Шығыс өңірінің басшысы халық қалаулыларынан осы мәселені жақын арада шешуді тапсырды. 

"Сіздер тарифті өсіруді сұрайсыздар. Мүмкін оны да істерміз, бірақ ол үшін қызмет көрсету сапасын жоғарылату қажет. Әзірге бағаны өсіруге мен себеп көріп тұрғаным жоқ", — деді ШҚО әкімі. 
 

Соңғы жаңалықтар