Данияр Ақышев: Маған жұмыс істеуге ешкім кедергі келтірген жоқ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Данияр Ақышев: Маған жұмыс істеуге ешкім кедергі келтірген жоқ

Данияр Ақышев: Маған жұмыс істеуге ешкім кедергі келтірген жоқ

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлім еткендей, оның жұмыс істеуіне ешкім келтірмеген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат&r

  • 16 Наурыз 2017
  • 404
Фото - Caravan.kz

ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлім еткендей, оның жұмыс істеуіне ешкім келтірмеген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Алматыдағы баспасөз мәслихаты кезінде журналистер Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Данияр Ақышевты ешкімнен қорықпауға шақырғанын еске салды. Осыған орай, Ұлттық банктің басшысына оған кімнің кедергі келтіргені туралы сұрақ қойылды.

«Жоқ, жұмыс жасауға ешкім кедергі келтірген жоқ. Банк жұмысының нәтижесі — біліктілігі жоғары мамандардың қажырлы еңбегінің жемісі. Біз өз жұмысымызды адал әрі дұрыс атқарудамыз. Экономикалық үдеріс жағдайында барлығы ойдағыдай бола бермейді», — деп жауап берді Ақышев.


Еске сала кетейік, 3 ақпан күні өткен отырыста ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық банктің ісіне араласқандарды жазалау керектігін атап өткен еді. 

 

Соңғы жаңалықтар