Д.Ақышев: Инфляция деңгейі 8 пайыздан аспайды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Д.Ақышев: Инфляция деңгейі 8 пайыздан аспайды

Д.Ақышев: Инфляция деңгейі 8 пайыздан аспайды

Қазақстандықтар жасыл валютаны жаппай сатып алуды қысқартты. Бұған дәлел наурыз айында теңге өтімділігі айтарлықтай күшейген. Бұл жөнінде Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді. Соңғы ақпараттар бойынша айырбас пунктерінен 213 млн доллар сатып алынған. Бұл – соңғы 10 жылдағы ең төменгі көрсеткіш. Тағы бір жағымды үрдіс отандастарымыз жинақтарын да ұлттық валютада сақтауды жөн көреді. Депозиттердің көлемі 307 млрд теңгеге артқан. Мұнымен қоса Ақышев Ұлттық банк еркін айырбас бағамы саясатын жүргізуді жалғастыратынын айтты және инфляция деңгейі 8 пайыздан аспайды деп отыр.

  • 30 Наурыз 2016
  • 568
Фото - Caravan.kz


Данияр Ақышев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

— Биыл Ұлттық банктің негізгі күш-жігері инфляция бойынша мақсатты көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталады. Ұлттық банктің бағамдауынша, осы жылы инфляция бәсеңдеу сипатына ие болады және жыл соңына дейін 8%-дан аспайды. Яғни Ұлттық банк пен Үкімет белгілеген дәлізге қайтып оралады.