Тергеушілер барлық таксикологиялық тестінің нәтижесін алғаннан кейін, ер адам емделушілерді қасақана өлтіруге әрекет жасады деп ұйғарған.
Медицина қызметкері Ольденбург пен Дельменхорст ауруханасындағы жансақтау бөліміндегі емделушілерге мөлшерден тыс дәрі-дәрмек берген.
Күдіктінің айтуынша, ол емделушілердің алдында өзін құтқарушы рөлінде көрсеткісі келіпті. Оның адамдардың өмірін қиюға әрекеттенгені науқастардың бірі инъекциядан кейін тірі қалғанынан кейін әшкере болған.